Ливандағы жарылыстан кемінде он адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Сәрсенбі елде жарылыстан қайтыс болғандарды аза тұту күні деп жарияланды

Фото: ria.ru

Ливан астанасы Бейрут қаласында болған жойқын жарылыс салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб сәрсенбі күнін Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жариялады. Ал Бейрут қалсының губернаторы жарылыстан қаланың жартысына зақым келгенін мәлімдеді», - деп жазылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келді.