Маңғыстауда парадан бас тартқан полицейлер марапатқа ұсынылды

Автор: Azattyq Rýhy

Нигерия азаматы маңғыстаулық полицейге пара бермек болған

Фото: Батыржан Беспаев

Нигерия азаматы Маңғыстау облысының аумағында кедергісіз жұмыс істеу және заңсыз қызметін жүзеге асыру үшін Көші-қон полициясының қызметкеріне пара беруге тырысты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі саптық бөлінісінің (СОРБНМ) аға инспекторы Қуат Қанбаев ақшадан бас тартып, бұл факт туралы Өзіндік қауіпсіздік басқармасына баяндаған.

«Шетелдік ұсталды. Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 367-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Материал шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді. Осыған ұқсас факт екінші полиция қызметкерінде де болды. Оған 200 мың теңге көлемінде пара беруге тырысқан. Полиция қызметкері ақшадан бас тартып, бірден ӨҚБ-на жүгінді», - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығы Ж. Бақтыбаевтың бұйрығымен қызметтік міндетін атқару барысында жедел түрде қырағылық танытып және халықтың алдында полицияның беделін көтеруге қосқан үлесі үшін полиция қызметкерлері марапатқа ұсынылды.