$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2020, 18:42
Оқиғалар

Алматыда жоғалып кеткен ағайынды екі баланы полицейлер таңға дейін іздеді

Полиция олардың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз деп отыр

Алматыда жоғалып кеткен ағайынды екі баланы полицейлер таңға дейін іздеді

Алматыда бір үйдің 11 және 8 жасар екі баласы жоғалып кетіп, полицейлерді аяғынан тік тұрғызды. Тәртіп сақшыларына балалардың ата-анасы түнгі сағат 1:45-те хабар берген, деп жазады Polisia.kz.

Туыстарының айтуынша, ағайындылар бұған дейін ешқашан үйді тастап ұзаққа кетпеген.

«Дереу шұғыл іздеу тобы құрылып, оның құрамына криминалды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция мен 15 кинолог-маман кірді. Ең алдымен, үйдің маңайын іздеп, көршілерді сұрадық. Балаларды аман-есен табамыз деген мақсат болды. Іздеу жұмыстары таңғы 7:35-те нәтижесін беріп, екеуін де дін-аман таптық. Олар түнді кафенің маңында өткізіпті, бір-бірін құшақтап отыр екен. Үйден не үшін кеткенін айтқылары келген жоқ. Біз міндетті түрде олардың үй жағдайын, тәрбиесін тексеріп, ата-анасымен түсіндіру жұмысын жүргіземіз. Олар жайдан-жай үйден кетіп қала салмайды, бір себебі бар, оны анықтайтын боламыз», - деді Алатау аудандық Полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Серіктес жаңалықтары