Алматы полицейлері маскасыз футбол матчын тамашалаған 50 адамның үстінен түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Құқық бұзушылар, оның ішінде мекеме қызметкерлері аудандық полиция басқармасына жеткізілді

Фото: polisia.kz

Алматы қаласындағы «Football land» кешені түн ортасына дейін жұмыс істеген. Ол жерде карантин талаптары ескерілмей, 20 шақты адам шағын футбол ойнап, 50 шақты адам маскасыз футбол матчын ташалаған.

«Карантинге байланысты шектеу шараларын ескермей, мекеме басшылары көптеген адамның жиналуына жағдай жасаған. Кешенге қарасты екі алаңда 20 адам шағын футбол ойнаған. Тағы 50 шақты адам кешеннің жазғы алаңқайында футбол матчын ташалаған. Байқағанымыздай, олардың бәрі маскасыз отыр, әлеуметтік қашықтықты сақтамаған», - дейді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Құқық бұзушылар, оның ішінде мекеме қызметкерлері Түрксіб аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, олардың әрқайсысына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес, әкімшілік материалдар жиналды.