Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр
2016 жылы туған қыз тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Қайғылы оқиға 1 маусым күні кешкі сағат 21-44-те Қостанай қаласындағы Қайырбеков көшесінде болған. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.
«Ата-анасы жұмыста болған, кішкентай қыз үйдегі 3 үлкен баланың қамқорлығына қалдырылған. Бір сәт бала қараусыз қалып, ашық тұрған терезенің жақтауына көтерілген. Төрт жастағы қыз москит торына сүйеніп тұрып, төменге құлап түсті», - деп хабарланады.
Зардап шеккен бала шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды. Қостанай облысының ТЖД ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.