«Пәтер алып беремін»: Өзін әкімдік қызметкері етіп таныстырған алаяқтың әрекеті әшкереленді

Автор: Azattyq Rýhy

26 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны кінәсін толық мойындады

Фото: sputniknews.kz

Қызылорда қаласының тұрғыны әкімдікте жұмыс жасайтынын айтып, көпқабатты үйлерден пәтер алып беремін деген желеумен танысының жеке куәлігі мен банк картасын пайдаланып, оның атынан микрокредиттік мекемелерден жалпы сомасы 305 000 теңге несие рәсімдеген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен («Алаяқтық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен дәлелденіп, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды.    

Күдікті азаматша кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндірген. Қызылорда қалалық сотының үкімі айыпталушыға екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.