Өрт Жаңатоған ауылының маңында таралып жатыр
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында табиғи өрт сөндіріліп жатыр. Өрт Жаңатоған ауылының маңында таралып жатыр. Елді мекенді қорғауға ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Құрғақ шөп өртеніп жатыр. Қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Жалынның одан әрі таралу қаупі сақталады.
Жаңатоған ауылын қорғау және өрттің елді мекенге қарай таралуына жол бермеу үшін ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды.
Мамандар өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жүргізіп, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Оқиға орнына ТЖД-ның қосымша күштері мен құралдары жіберілді.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өртті сөндіруге жұмылдырылған бөлімшелердің жұмысын үйлестіретін жедел штаб құрылды.
Қазіргі уақытта елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.