5 шілдеден бастап Нұр-Сұлтанда 367 объект тыйым салынған уақытта жұмыс істеген

Автор: Azattyq Rýhy

Елордада карантин кезінде жұмыс істеген нысандар анықталды

Фото: баспасөз қызметінен

5 шілдеден бастап Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған 591 субъект тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оның 224-і маска тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша, ал 367-сі тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің карантин талаптарын бұзуы. Оның ішінде карантин кезінде Нұр-Сұлтан қаласында спа-салондар, мейрамханалар мен бильярд бөлмелері жұмыс істеген.

«Полиция, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен жасақталған мобильді топтар карантин режимін бұзу бойынша жұмысты жалғастыруда. Тексеру барысында карантин режимін бұзудың көптеген фактісі анықталды. Тексерулер көрсеткендей, барлық бизнес-құрылым тәртіпті сақтамайтынын көрсетті», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында 1 тамызда сағат 00.30-да жұмыс істеген спа-салоны, сондай-ақ, Рысқұлбеков көшесінде түнгі 22.30-да жұмыс істеген дүкен анықталды. Сонымен қатар тексеру барысында Тұран көшесінде орналасқан мейрамхана қызметін тоқтатпай, келушілерді қабылдады. Сондай-ақ, Тұран көшесіндегі бильярд клубы тарапынан тәртіп бұзушылық анықталды.

Барлық жиналған материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.