Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы теміржол вокзалы аумағында өрт шығып, құрылыс материалдары жанып кетті. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін сағат 10:38-де өрт сөндіру қызметіне Жиенқұлова көшесі, 12/2 мекенжайында өрт шыққаны жайлы хабар жетті. Оқиға орнына 6 минуттан кейін өрт сөндірушілер барды. 150 шаршы метр ашық алаңқайда құрылыс материалдары (поддон, пеноплекс) жанған. Сонымен бірге құрылыс материалдары тұрған 40 тонналық контейнердің бір бөлігіне зақым келген. 11:01-де өрт толық сөндірілді», - делінген хабарламада.
Департаменттің хабарлауынша, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан