Ақтауда газ баллоны жарылып, ер адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бір адам ауыр жараланды

Фото ашық дереккөзден

Ақтаудағы «Хазар» гараждар кооперативінде газ баллоны жарылып, бір адам қаза тапты деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 28 шілде күні күндізгі сағат бірлер шамасында болған. Жарылыстан тағы бір адам ауыр жараланды.

«Газ баллонының жарылуынан екі ер адам зардап шекті. Олардың бірі 1983 жыыл туған, оның денесінің 45 пайызы күйген. От оның бетінен бастап, мығын, ішін жіне сандарын зақымдаған. Ал, екіншісі 1985 жылы туған, ол жедел жәрдем келем дегенше көз жұмды», - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.