16.07.2026, 17:00
Оқиғалар
Бектенов өртеніп жатқан «Семей орманына» Шыңғыс Әрінов пен Ерлан Нысанбаевты шұғыл аттандырды
Бүгін таңертең басталған өрт әлі сөнбей жатыр
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты шұғыл түрде Абай облысына аттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар «Семей орманындағы» орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру керек.
«Бектенов оларға жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алуды тапсырды. Саға 16:00-дегі жағдай бойынша өртті 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника өшіріп жатыр. Өрт аумағына100 тоннадан асатын су себілді», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Жедел штабтың жұмысын премьер-министр өзі бақылап отырған көрінеді.
Көп оқылған
15.10.2026, 15:39
Екі жүк көлігінің ортасында қалған: СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші қаза тапты (ВИДЕО)
15.10.2026, 13:46
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан бойжеткеннің ізінен аңдып, бөксесінен ұрып кеткен (ВИДЕО)
15.10.2026, 11:59
Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
15.10.2026, 16:16
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әкелерге декреттік төлем мүлде төленбейтін болды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды