Түн ішінде Астананың қақ ортасында тұрақтағы көлікті соғып, қашып кеткен жігіт бір айға қамалды (ВИДЕО)

Бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған жігіт қазір мүлде құжатсыз жүрген

Түн ішінде Астананың қақ ортасында тұрақтағы көлікті соғып, қашып кеткен жігіт бір айға қамалды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Осыдан оншақты күн бұрын Астананың қақ ортасында, тұрақта тұрған көлікті соғып кеткен жігіт 30 күнге қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«4 шілде күні сағат 02:50 шамасында Астана қаласында Тілендиев көшесі, №36 үйдің қарсысында «ГАЗель» маркалы автокөліктің жүргізушісі көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылған әрі жүргізуші куәлігін мүлде алмаған бола тұра, жол жиегінде тұрған бес автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасын жасағаннан кейін жүргізуші оқиға орнынан бой тасалап кеткен», - деп хабарлайды Астана полициясы.

Полиция бейнебақылау камералары арқылы жүргізушіні тауып, оны жазалаған.

«Сот жүргізушіні 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды», - деп хабарлайды Астана полициясы.