Бұл туралы Комитеттің төрағасы мәлім етті
Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 10 лаңкестің әрекеттің алдын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың мәліметіне сүйенсек, соңғы төрт жылда комитет мамандары Қазақстанның аумағында жасалмақ болған 10 террористік акті мен зорлық-зомбылық акциясының алдын алған.
Осы аралықта 290-нан астам діни радикал сотталып, террористік қызметке қатысы бар 1800-ден астам шетелдік елге кіре алмай қалған.
«Ақпараттық кеңістікте радикалды жарияланымдарға апаратын 100 мыңға жуық сілтеме анықталып, бұғатталды. Комитет шетелдегі террористік көріністерді де жиі әшкерелейді. Шетелдік серіктестерге олардың елдерінде дайындалып жатқан 11 теракт туралы ақпарат берген», - деп мәлімдеген ҰҚК басшысы.