Бангкоктағы алапат өрт: жараланғандардың арасында Қазақстан азаматтары бар ма

Автор: Бақыт Шынар

Ең соңғы мәлімет бойынша, өрттен 27 адам мерт болған

Фото: скриншот

13 шілдеге қараған түні Таиланд астанасы Бангкоктағы барлардың бірінде ірі өрт шығып, салдарынан кемінде 27 адам қаза тапқан. Жараланған 63 адамның ішінде 22 адамның жағдайы өте ауыр. Туристік аймақтағы бұл бардағы өрттен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы редакцияның сұрауына жауап берген сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Осы оқиғаға қатысты Таиландтағы Қазақстан елшілігіне Қазақстан Республикасының азаматтарынан ресми өтініш түскен жоқ. Дегенмен, бұл ақпарат Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бақылауында», - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, өрт ел астанасының орталығындағы әйгілі Чатучак базарының маңында орналасқан Чатучак ауданындағы ойын-сауық орнында болған.