Ол 2019 жылдың 13 қыркүйегінен бастап ауданға басшылық етті
Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров өмірден озды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін таңертең Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды», - деп хабарлады.
Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі Azattyq Rýhy тілшісіне Жолан Омаровтың Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада ем алғанын қосымша хабарлады.
Жолан Ыбрайахынұлы 1979 жылы 7 шілдеде дүниеге келген. 4 баласы бар. Ол 2019 жылдың 13 қыркүйегінен бастап ауданға басшылық етті.