Балқашқа жедел топ жіберілді
Балқашта көршісінің 14 жастағы қызын зорлады деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Әйгерім Оралазиева Facebook парақшасында жазды.
«НемолчиKZ қоры жариялаған ақпаратты ведомство басшысы бірден назарға алды. Ерлан Тұрғымбаев жасөспірім қыздың анасының өтінішін қабылдамау фактісі бойынша тексеріс жүргізуді тапсырды. Іс ерекше назарға алынды», - деп жазылғагн хабарламада.
Жедел топ құрылып, Балқашқа жіберілді. Күдікті Қарағанды облысынан шығып кетпек болғанда ұсталды.
Айта кету керек, «НемолчиKZ» қоры полиция қызметкерінің қыз зорлағаны тура жазба жариялаған еді. Онда полиция істі тергеуден бас тартып отырғаны айтылған.