Ата-анасы ойын баласынан көз жазып қалған
Шымкенттік полицейлер жоғалып кеткен 3 жасар сәбиді аман-есен тауып, ата-анасына қайтарды деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға баланың анасы арызданып, Гагарин көшесіндегі үйден ойнауға шығып кеткен баламсынан көз жазып қалғанын айтыпты.
«Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция полкінің 6-рота №881 автоэкипажының қызметкерлері Н.Мақұлбеков және А.Ахметов жоғалған баланы іздеу шараларын жүргізген.Нәтижесінде үш жастағы жасөспірім Гагарин көшесі бойындағы “Шымқала” тойханасының маңайынан табылған. Шұғыл әрекет еткен Полиция қызметкерлері баланы дін аман анасына табыстады», - делінген аталған хабарламада.
Полицейлер ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі үшін үнемі бақылап, көз жазбауларын ескертеді.