Сотқа дейінгі тергеу органының істі қысқарту туралы шешімінің күші жойылды
Атырауда итке қорлық көрсетіп, қиянат жасаған адамға қатысты тергеу амалдары қайта басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Осыған дейін сараптама қорытындысының негізінде іс өндірістен қысқартылған еді. Енді прокуратура тексергеннен кейін қылмыстық істі қайта қарауға шешім қабылданған.
«Сотқа дейінгі тергеу органының істі қысқарту туралы шешімінің күші жойылып, қазіргі кезде полиция басқармасымен қосымша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.