Бұл алаяқтықтың белең алғанына біраз жыл болған
Ішкі істер министрлігі заматтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Дереккөзге сүйенсек,соңғы уақытта күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары көп кездесе бастаған.
«Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде көрсетеді. Әртүрлі сылтаумен шұғыл түрде қарызға ақша беруді сұрайды. Сақ болыңыздар! Ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті олар өзіңіз танитын адамның атынан келсе де, сенбеңіздер», - деп хабарлайды полиция.
Полиция сондай-ақ ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, құпиясөздерді және басқа да жеке мәліметтерді бермеу керегін тағы да еске салып отыр.