СҚО-да полиция қызметкері электровелосипед мініп келе жатқан әйелдің кілтіне таласып, тартып алған (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

33 жастағы әйелге айыппұл салынған

Фото: скриншот

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының полиция қызметкері электровелосипед мініп келе жатқан әйелді тоқтатып, оның кілтін тартып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Бұл оқиғаның видеосын аймақтық «Петропавл.ньюс» сайты жариялаған. Бейнежазбада көрініп тұрғандай, полиция қызметкері электровелосипедтегі әйелдің қолынан әлденені тартып алмақ болып, таласады. Оған тағы бір әріптесі «көмекке» келген. Ал, видеоны түсіріп тұрған адам полиция қызметкері электровелосипедтің кілтіне таласып жатқанын айтқан.

Редакция осы мәселеге қатысты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінен ресми комментарий сұратты.

«Бұл видеоға қатысты полиция тексеру жүргізді. Анықталғандай, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы кезінде Мағжан Жұмабаев ауданының полициясы Возвышенка ауылында 33 жастағы әйелді тоқтатқан. Ол электровелосипедті заңсыз жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды

Айта кетейік, күшіне енген ережелерге сай, қазір қозғалтқышының қуаты 250 Вт-дан 4 кВт-қа жететін электровелосипед пен электромопедтер міндетті түрде мемлекеттік тіркеу нөмірін алуы керек.