Абырой болғанда, құтқарушылар оқиға орнына қайықпен тез жетіп, оны аман алып қалды
Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасында 2005 жылы туған жас жігіт шомылуға болмайтын жерде суға түсіп, ағып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Оны акваторияны патрульдеп жүрген құтқарушылар көріп қалып, құтқарған.
«Жамбыл облысының құтқарушылары 2005 жылы туған азаматты құтқарды. Жас жігіт шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, бата бастаған. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында ол аман қалды», - деп хабарлайды ТЖМ.
Жігітті оқиға орнынан жедел жәрдем алып кеткен.