Тікұшақ сегіз рет су төгіп, өртті тоқтатқан
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында, Қабырға ауылы маңындағы Алтай орманшылығының таулы бөлігінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері мен су төгу құрылғысымен жабдықталған «Қазавиақұтқарудың» тікұшағы жедел ұшып келіп, өрт аумағына сегіз рет су төккен.
«Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ. 10 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөнді», - деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, ағашқа найзағай түсіп, ағаш жана бастаған.