Шыңғыс Әрінов Қамбаш көліндегі құтқару станциясының дайындығын тексерді

Автор: Бақыт Шынар

Министр  бөлімшенің шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығына ерекше көңіл бөлген

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қызылорда облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының Камыстыбас құтқару бөлімшесіне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің ресми мәліметіне сүйенсек, бұл құтқару станциясы тәулік бойы кезекшілік атқарып, өңірдегі су айдындарында туындайтын төтенше жағдайлар мен оқиғаларға жедел ден қоюға тұрақты дайындықты қамтамасыз етеді.

«Ведомство басшысы құтқару станциясының жарақталуымен, қызмет атқару жағдайларымен және жеке құрамның жұмысын ұйымдастыру тәртібімен танысты. Құтқарушылардың қарамағында судағы және құрлықтағы әртүрлі күрделіліктегі міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретін арнайы техника, жүзу құралдары, сүңгуір жабдықтары және авариялық-құтқару құралдары бар», - деп хабарлайды ТЖМ.

Министр станция мамандарына бірқатап тапсырма беріп, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі бірінші орында екенін айтқан.