Жігіттерге қатысты полиция «бұзақылық» бабымен іс қозғаған
Әлеуметтік желіде Астана қаласында болған жаппай төбелестің видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео таралғаннан кейін қаланың полиция департаменті ресми ақпарат таратып, төбелестің «Сарыарқа» ауданында болғанын хабарлады.
«Сарыарқа» ауданының полиция департаменті «бұзақылық» бабымен іс қозғады. Қазір төбелеске қатысқан бүкіл адамның жеке басын анықтау үшін тергеу басталды», - деп хабарлайды полиция департаменті.