Алматыда тауға шығып, төмен түсе алмай қалған үш жас жігіт құтқарушы шақыруға мәжбүр болған (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Олар 3680 метр биікке шығып кеткен

Фото: скриншот

Үлкен Алматы шыңында, 3680 метр биіктегі тауға шығып, төмен түсе алмай қалған үш туристі құтқарушылар жерге түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оларды төмен түсіру үшін «Барыс» құтқару қызметі де тартылған.

Үш жас жігіттің біреуі жағдайы нашарлап кеткенін айтып, көмек сұраған. Құтқарушылар оны тыныштандырып, достарымен бірге төменге түсірген.

Осы ретте төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тауға шығып көрмеген және кәсіби тұрғыда тауға құмартпайтын адамдарды абай болуға шақырды.