«Қымбат пәтерлерге бронь алған»: Семейде үлескерлерді алдаған «Dala-SK» құрылыс компаниясының иелері сотталды

Олар Семей мен Өскемен қаласының тұрғындарын алдаған

«Қымбат пәтерлерге бронь алған»: Семейде үлескерлерді алдаған «Dala-SK» құрылыс компаниясының иелері сотталды
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Семейдің қылмыстық істер жөніндегі соты үлескерлерден 3 млрд теңге жинап, алайда, үй салып бермеген «Dala-SK» құрылыс компаниясының үш адамын әртүрлі жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Abai news сайтына сілтеме жасай отырып.

Соттың мәліметіне сүйенсек, олар 2022 жылдың қазанынан бастап 2024 жылдың желтоқсанына дейін Өскемен қаласында көпқабатты үй саламыз деген желеумен үлескерлерден 1,5 млрд теңге жинаған. Дәл осы схеманы пайдаланған олар 2023-2025 жылдары Семей қаласының тұрғындарынан да тура 1,5 млрд теңге жинап алған.

Бұдан басқа, істегі екі фигурант элиталы пәтерлерге бронь қою үшін 13 адамнан 193 млн теңге алған.  

Бірақ, бұл ақшаны қалтасына басқан олар екі қалада да пәтер салмай, үлескерлерді алдаған.

Істегі үш күдіктінің ең азы екі жарым жыл, ең көбі бес жарым жылға сотталды. Бұл жаза рақымшылықты қолдана отырып тағайындалған түпкілікті жазалар.