Ол ақыры полицияға арызданып, ақшасын қайтарып алған
Семейде сүйікті әншісінің концертіне билет алған студент алаяққа алданғанын түсінген соң, 10 мың теңгесін қайтарып алу үшін полицияға арызданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Семей полициясының мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік желі арқылы бейтаныс адам оған хат жазып, қалаға келетін әншінің концертіне билет сататынын айтқан. Студент бірден қызығып, билет алу үшін өзіне хат жазған адамға 10 мың теңге аударып жіберген.
«Студент ақшаны банк қосымшасы арқылы аударған. Алайда билетке қол жеткізе алмаған соң полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол – Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны», - деп хабарлайды полиция.
Қазір күдікті қаладан кетпеу туралы қолхат жазып берген. Оның ісі тергеліп жатыр.