Жалпы, катерде алты адам отырған
Ақмола облысындағы Бурабай көлінде туристер мінген қайық сынып қалып, олар құтқарушы шақыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, көл ортасына келіп, сынып қалған катердің ішінде алты адам, соның ішінде Германияның екі азаматы болған.
«Оқиға туралы хабарлама түскен бойда ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу оқиға орнына аттанып, туристерді жағаға аман-есен жеткізген», - деп хабарлайды ТЖМ.
Құтқарушылар туристердің алғыс айтып тұрған сәтін видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салған.