Бірақ, полицияның ұлыы мен әкесіне нақты қандай шара қолданғаны белгісіз
Түркістан облысының полициясы кәмелет жасқа толмаған баланың қымбат көлікті тізгіндеп жүргенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметіше, олар бұл баланы әлеуметтік желідегі жазбалар арқылы тапқан.
«Тексеру барысында Toyota жол талғамайтын көлігін кәмелет жасына толмаған бала тізгіндегені анықталды. Тексере келе, оған көліктің кілтін әкесі бергені белгілі болды. Әкесі баласының әлі кәмелет жасына толмағанын, оның жүргізуші куәлігі жоқ екенін біле тұра, оған көлігін беріп, дүкенге жіберген», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Полиция әкесі мен баласына қатысты шара қолданғанын хабарласа да олар нақты қандай мөлшерде айыппұл арқалағанын, болмаса басқа қандай жаза қолданғанын ашып хабарламаған.