Бұл әрекетке Павлодардың прокурорлары тосқауыл қойған
Павлодар облысында ерекше маңызға ие және мемлекет қорғауындағы бірнеше тұзды көл жекенің қолына өтіп кете жаздаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысының прокуратурасы хабарлағандай, Ақтоғай ауданының мемлекеттік мекемелері су объектілері мен су қорғау аймақтары орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне конкурс жариялаған. Прокурорлар тексере келе бұл тұщы және тұздыкөлдер, сондай-ақ тұз өндіруге пайдаланылатын су айдындары үш жер учаскесін алып жатқан. Ал, олардың конкурстық құжаттарында өрескел заң бұзу анықталған.
«Егер прокурорлар араласпаса, мүдделі тұлғаларға тек жер учаскелеріне ғана емес, жалпы аумағы 60 гектардан асатын, ерекше маңызға ие және мемлекет қорғауындағы су ресурстарын да алып алатын еді», - деп хабарлайды прокуратура.
Осылайша, прокуратура табиғи ресурстарды қорғап, заң бұзуға әрекет еткен лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартқан.