Ереван – Алматы бағыты бойынша жаңа рейс ашылды

Автор: Темірхан Айжан

Рейстер саны аптасына 3 реттен 5 ретке көбейді 

Фото: istockphoto.com

Бүгіннен бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Арменияның жаңа шетелдік әуе тасымалдаушысы – «FlyOne Armenia» әуе компаниясы қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көлік министрлігінің ресми ақпаратына сілтеме жасай отырып. 

Әуе компаниясы Ереван – Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет - дүйсенбі және жұма күндері тікелей тұрақты рейс ұшырады. Соның арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 3 рейстен 5 рейске дейін артады.

Қазақстан мен Армения арасындағы жаңа әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыта түседі.