Айтуынша, процесс әлі жүріп жатыр
Танымал балуан Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желілерде тараған ерлі-зайыптының қайта табысқаны, ажырасу процесінің тоқтағаны туралы қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Гүлайым Рахмонованың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта некені бұзу процесі әлі аяқталмаған.
Бұған дейін желіде ерлі-зайыпты татуласып, отбасын сақтап қалуға шешім қабылдағаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда Рахмонова Instagram парақшасында мұны жоққа шығарды.
«Егер мына видеоны мұқият тыңдасаңыздар, ажырасу процесінің әлі аяқталмағанын түсінесіздер. Желіде «олар татуласты ма?» деп уайымдап жүргендер бар екен. Алаңдамаңыздар. Процесс толық аяқталған кезде, мен бұл туралы міндетті түрде хабарлаймын», — деп жазды ол.
Еске сала кетейік, өткен жылы Гүлайым Рахмонова адам өлімі болған қылмыстық істе айыпталушы ретінде танылған болатын. Сот шешімімен оған жазаның атқарылуын бес жылға шегере отырып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.
Осы оқиғадан кейін Рахмонова ортақ бес баласы бар Шавкат Рахмоновтың отбасынан кетіп қалғанын хабарлап, ажырасуға арыз беруге ниетті екенін мәлімдеген болатын.