Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған
Ақтауда Opel Astra көлігінің жүргізушісі демалыс орнынан қалаға бара жатқан жолда рөлге ие бола алмай, жол апатына түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
«22 шілдеден 23 шілдеге қараған түні болған жол апатынан көлікте отырған үш жасар бала көз жұмды. Автотехникалық сараптама тағайындалды. Жүргізуші ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берді», - деп жазылған Полиция департаменті таратқан хабарламада.