Бұл туралы оның көршілері айтқан
Осыдан бірнеше күн бұрын есік алдында отырған алты адамды көлігімен қағып, оның үшеуін мерт қылған әйел Арыс орта мектебінде «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің мұғалімі болғаны расталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«КТК» телеарнасының мәліметінше, көршілер әйелді мас күйде жиі көргендерін айтқан.
«Соққының қатты болғаны соншалық, марқұм келінімнің денесі қораға қарай ұшып кеткен. Ал, оның екі жасар баласын топырақ астынан әрең таптық. Көрші үйде тұратын келініміздің бес жасар қызы қайтыс болды. Өзі бір баласымен аурухана жатыр», - дейді телеарнаға сұхбат берген Ғани Айдаров.
Көршілер телеарна тілшілеріне рульде отырған әйелдің апат кезінде қатты мас болғанын және көршілері ол әйелді үнемі мас күйде көретінін айтып берген. Сондай-ақ күдіктінің Арыс орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен сабақ бергені де расталған. Қазір ол екі айға қамалды.