«Ағайынды Уорнерлер»: Қызылордалықтар ролик пен кино көргені үшін күніне 735 мың теңге табыс табамыз деп үміттенген (ВИДЕО)
Алайда, оларды қаржы пирамидасының өкілдері алдап кеткен
Қаржы мониторинг агенттігінің Қызылорда облысындағы департаменті «WornerBros» қаржы пирамидасының бір бөлімшесін басқарып, қызылордалықтарды алдаған адамға үкім шығартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл пирамида Қызылорда тұрғындарын күніне 735 мың теңге табыс табуға болады деген жалған сенімге итермелеп, қыруар ақша тапқан.
«Қаржы пирамидасын құрғандар азаматтарды «WornerBros» платформасы арқылы қысқа бейнероликтер мен фильмдерді көргені үшін табыс табуға болады деп сендірген. Оған ақша құйған азаматтар сілтеме арқылы өтіп, ең арзаны – 10 мың теңге, ең қымбаты – 11 млн теңгеге жететін VIP-пакет сатып алған. Қызылорда азаматтарын осы пакетті алған адамның табысы күніне 735 мың теңге болады деген қиялға сендірген», - деп хабарлайды Қаржы мониторинг агенттігі.
Олар заңсыз схеманы WhatsApp топтар мен әлеуметтік желілердегі жарнама арқылы насихаттаған.
Сот 3 млн USDT көлеміндегі криптоактивтер тыйым салып, осы қаржы пирамидасының бөлімшесін басқарған адамды бес жылға соттаған. Ақшасынан айырылған 24 адамға қаржысы қайтарылатын болды.