Арыс қаласында мас әйел төрт адамды қағып өлтірді – оның екеуі бала, біреуі жүкті әйел

Автор: Бақыт Шынар

Рульде отырған әйелдің мектепте жұмыс істейтіні туралы ақпарат тарады

Фото: скриншот

Түркістан облысы Арыс қаласында мас күйінде көлік жүргізген 52 жастағы әйел жер үйдің алдындағы орындықта отырған бір топ адамды таптап кетті. Оқиға орнында төрт адам, соның ішінде екі бала мен бір жүкті әйел қаза тапты, деп хъабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметіне сүйенсек, тағы екі адам ауыр хәлде ауруханада жатын.

«Көліктің рулінде 52 жастағы Бибінұр Қасымова деген әйел отырған. Менің дереккөзіме сүйенсек, ол мектепте жұмыс істейді. Ал бос уақында такси жүргізеді», - деп жазған журналист.

Оның мәліметіне сүйенсек, медициналық тексеру әйелдің мас болғанын растаған. Редакция осы жол апатына қатысты Түркістан облысының полиция департаментінен комментарий сұратты.