«Баланың құлағы естімейтін»: Ақтауда түзету орталығының терезесінен құлап кеткен сегіз жасар ұл көз жұмды
Нұрәли Рухламиновтің атасы қазір әділдік іздеп жүр
Биыл 27 наурыз күні түскі сағат 14.00 шамасында Ақтаудың 24-ші ауданындағы үш қабаттың ғимараттың терезесінен сегіз жастағы ұл бала құлап, қатты жараланған. Анықталғандай, бала құлаған ғимарат «Бойтұмар» деген жекеменшік балабақшаның ғимараты болған, ал, оның үшінші қабатын Lumi Land атауы бар түзету орталығы жалға алып, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Лада» басылымына сілтеме жасай отырып «Ақжайық» порталы хабарлағандай, бала ауыр хәлде ауруханаға түскен. Облысьық аурухананың дәрігерлері арада оншақты күн өте баланы санавиация арқылы Алматыдағы пеиатрия орталығына жіберген. Бірақ, екі бойы өмір үшін күрескен Нұрәли Рухламинов 20 мамыр күні көз жұмған.
Қазір облыстың полициясы «Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына салғыр қарау» бабымен қылмыстық іс қозғаған.
Алайда, баланың заңды өкілі әрі атасы орталық мамандары жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Өйткені, бала ауыр хәлде жатқанда оған екінші тарап белгісіз бір құжатқа қол қойдырып алған.
Атасы осы іс резонанс жинаса, мекеменің басшылығы да, сол күні балалар үшін жауапты болған адамдар да тиісті жазасын алып, басқа балалардың қауіпсіздігі сақталар еді деп үміттенеді.