Павлодарда төрт жастағы бүлдіршін үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Автор: Алмас Ерсін
Фото: istockphoto.com

Павлодарда төрт жастағы қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 4 маусым күні болған. 2021 жылы туған бала биіктен құлағаннан кейін Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

«Жедел жәрдем шақырылғаннан кейін бала травматологиялық пунктке жеткізілді. Қызды мамандар қарап, қажетті диагностикалық тексерулер жүргізді», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық балалар ауруханасы.

Дәрігерлердің алдын ала қойған диагнозына сәйкес, қыздың ішкі ағзалары соғылып, миы шайқалған.

Қазіргі уақытта бала хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Алдыңғы жаңалық
Алматыда жер сілкінді