Қосшыда «Нұра-Есіл» каналына шомылған 10 жасар бала суға батып, қаза тапты (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Құтқарушылар баланың денесін алып шықты

Фото: скриншот

Астана түбіндегі Қосшы қаласында 10 жасар бала суға ағып, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысының төтенше жағдайлар министрлігі осы оқиғаға байланысты шұғыл видеоүндеу жазып, ата-аналарды сақтыққа шақырды.

«Қосшы қаласында қайғылы оқиға орын алды. Нақтырақ айтқанда, Нұра–Есіл каналында 10 жастағы бала суға батып кетті. Бұл су айдыны шомылуға арналмаған, аумағында тыйым салатын белгілер орнатылған», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі.

Баланың денесін Астананың құтқарушылары алып шыққан.