03.06.2026, 13:23
Оқиғалар
Бангкоктан Алматыға 9 келі есірткі тасыған 23 жастағы бойжеткен ұзақ жылға сотталды
Бұл оқиға 2025 жылы желтоқсанда болған еді
Фото: Polisia.kz
Бангкоктан Алматыға ұшқан рейс арқылы 9 келіге жуық есірткі тасыған бойжеткен 16 жылға сотталды. Ол – Жамбыл облысында тұратын 23 жастағы қыз еді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, бұл оқиға 2025 жылы желтоқсанда тіркелген. көліктегі полиция департаменті тергеу жүргізе келе, оның кінәсін дәлелдеген.
23 жастағы қыздың жүк сөмкесінен 8 кг 879 грамм есірткі табылған.
«Ол Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы аса ірі көлемде есірткі тасып, оны сату мақсатында сақтағаны үшін 16 жылға сотталды», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
01.09.2026, 10:36
Мүфтият: 2027 жылы қазақстандықтарды тек төрт компания ғана қажылыққа апара алатын болды
01.09.2026, 13:46
Жаймашуақ күз бола ма: қыркүйек айында елімізде ауа райы қандай болады
01.09.2026, 09:33
Алматы облысында тіс емдейтін екі емхана жалған мәліметтер арқылы МӘМС-тен ондаған млн теңге ұрлаған
01.09.2026, 18:20
Косметикалық өнімдерге жасырылған: Қазақстанға Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен ондаған кг есірткі жеткізілген
01.09.2026, 17:36
«Некеңіздің мерзімі аяқталып қалды, ұзартасыз ба?»: Әділет министрлігі ресми мәлімдеме жасады
01.09.2026, 12:06
Қазақстанда ауыл мектептерінде жасанды интеллект арқылы оқыту басталды