Әйелге сондай-ақ полиция қызметкері көмекке келген
Астанада бір ер адам әйелінің көзінше оныншы қабаттан секіріп кетпек болған – оны жұбайы мен полиция қызметкері құтқарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласы полиция департаментінің ресми парақшасында жарияланған видеоға қарасақ, ер адам тұрғын үйдің сыртындағы балконға шығып алып, секіріп кетпек болған. Кешкі кезекшілікке дайындалып жатқан полиция капитаны Салават Мұхамбетов ер адам мен әйелдің дауысын естіп, оқиға орнына жүгіріп келген.
«Терезеге жақындап қараған ол көрші үйдің оныншы қабатындағы балконнан жартылай салбырап тұрған ер адамды байқайды. Ол кез келген сәтте төменге құлап кетуі мүмкін еді. Полиция капитаны уақыт жоғалтпай дереу оқиға орнына қарай жүгіріп барған. Осылайша, әйелі мен полицей секірмек болған ер адамды тірі алып қалды», - деп хабарлайды Астана полициясы.