«Екі апта бұрын батып кеткен»: құтқарушылар Ертіс өзенінен жас келіншектің денесін тапты

Автор: Бақыт Шынар

Әйел 18 мамыр күні өзенге түсіп, батып кеткен еді

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар Ертіс өзенінен екі адамның мәйітін алып шықты. Оның біреуі – 1990 жылы әйел болса, екіншісі де 1990 жылғы ер адам. Айта кетерлігі, денесі табылған ер адам Ресей азаматы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1990 жылғы әйел 18 мамыр күні суға кеткен.

«Бүгін, 1 маусым күні құтқарушылар Ертіс ауданындағы Ертіс ауылының маңынан бір әйелдің денесін тапты. Ол 18 мамыр күні өзенге түсіп, су астына кеткен еді. Сондай-ақ бүгін Ертіс өзенінен 1990 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Ресей азаматы 28 мамыр күні суға секіріп, батып кеткен еді», - деп хабарлайды ТЖМ.

Осы ретте құтқарушылар азаматтарды сақтыққа шақырып, өзеннің терең жеріне түспеу керегін ескертеді.