Атырау облысындағы жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

Автор: Бақыт Шынар

Жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік жыраға аударылып кеткен

Фото: istockphoto.com

Атырау облысында тағы да бірнеше адам қаза тапқан жол апаты орын алды: Индер-Қарабау тас жолымен келе жатқан жүргізуші рульге ие бола алмай, аударылып кетіп, өзін қосқанда, төрт адам ажал құшты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысының полиция департаменті хабарлағандай, жол апаты бүгін, 29 мамыр күні таңғы сағат 06:30-да болған.

«Индер ауданы, Индер-Қарабау тас жолының 15-шақырымында Hyundai Sonata маркалы көлік мінген жүргізушісі рульді игере алмай, аударылып кетті.  Жол апаты салдарынан 42 жастағы жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға түсті», - деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті.

Қазір жол апатына қатысты тергеу басталған.