«Қара нарықтағы телефон саудасы құлдырады»: Қазақстанда сатылған смартфондардың үлесі бірден екі есеге азайған

Автор: Бақыт Шынар

Қазір мемлекет міндетті IMEI-кодов тексерісін енгізген

Фото: istockphoto.com

Былтыр Қазақстанның маркетплейстері арқылы сатылған смартфонның үлесі 552,9 млрд теңгеге жетіп, 25 пайызға азайған. Жалпы, телефон саудасының үлесі 27 пайыздан 17 пайызға дейін азайып, екі есе төмендеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бірінші несие бюросының» статистикасына сүйене отырып «Мәліметтерді өңдеу орталығының» жазған ақпаратына сенсек, бұның басты себебі – міндетті IMEI-код.

«2025 жылы маркетплейстердегі «телефон және гаджеттер» категориясының үлесі жалпы платформа арқылы сатылған бүкіл сауданың 17 пайызын құраған. Есесіне, халық маркетплестер арқылы күнделікті тіршілікке қажетті тауарларды көп сатып алып, оның үлесін едәуір арттырған», - деп жазады дереккөз.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр 24 наурызда Қазақстанда ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу қағидаларына өзгерістер күшіне енген еді.