Бұл деректі Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы жариялады.
Қазақстанда коронавирус инфекциясыннан 40-қа жуық жүкті әйел көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ажар Ғиниятқызы журналистердің сұрағына жауап беріп, Қазақстанда COVID-2019 індетінен балалар арасында өлім тіркелмегенін айтты. Осы сұрақтың жауабынан кейін журналистер коронавирустан қайтыс болған жүкті әйелдердің статистикасын сұрады.
«Қазақстанда коронавирус жұқтырған 40-қа жуық жүкті әйел көз жұмды», - деді Ғиниятқызы.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан