$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2019, 13:56
Оқиғалар

«Хан Шатырдың» астыңғы қабатынан өрт шықты

Өрт сөндірушілер аталған нысанның техникалық бөлігінде электр кабельдерінің тұтанғанын анықтады

«Хан Шатырдың» астыңғы қабатынан өрт шықты

«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының астыңғы қабатын түтін басты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2 қарашада сағат 9:42-де «101» пультіне «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жертөле қабатын түтін басқандығы туралы хабар келіп түсті. Оқиға орына келген өрт сөндірушілер аталған нысанның техникалық бөлігінде электр кабельдерінің тұтанғанын анықтады», – делінген комитет хабарламасында.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, кабельдердің жануы 10:36-да толықтай өшірілді. Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер келгенге дейін орталық әкімшілігі қызметкерлердің барлығын қауіпсіз жеирге көшіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге жеке құрамдағы 11 адам мен елордалық ТЖД-ның екі техникасы тартылған.

Серіктес жаңалықтары