Олардың қай елдерде тығылғаны жайлы ақпарат жоқ
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті аса қауіпті қылмыскерлерді елге әкелуге қатысты кезекті бір операцияның суреттерін жариялап, шағын ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жолы Қазақстанның төрт азаматы қолға түскен. Аяқ-қолдары кісенделген олар террористік қылмыс жасады деген күдікке ілінген.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесе отырып, іздеуде жүрген ҚР азаматтарын елге қайтару үшін арнайы операция өткізді. Биыл 7 мамыр мен 12 мамыр күндері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағының конвойлары Қазақстанның төрт азаматын елге әкелді», - деп хабарлайды ҰҚК.
Айта кетейік, олар террористік қылмыс жасады деген күдікке ілінген.