Астанада жыл басынан бері 14 бала терезеден құлаған

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішінде 2 бала көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

2020 жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында 14 бала терезеден құлап, оның екеуі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда бойынша ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД өкілдерінің айтуынша, көбіне қалада терезеден құлау қаупіне 2-ден 7 жасқа дейінгі балалар ұшырайды.

«Сарыарқа ауданында 2 қабатты тұрғын үйдің тор көзінен ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылғы туған бала құлап кетті. Бала орта деңгейлі жарақат деген диагнозбен аурухана жатқызылды. 2020 жылдың басынан бастап 14 бала терезеден құлады. Оның ішінде екеуі көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.

Статистика көрсеткендей, көп жағдайда мұндай оқиғалар балалардың ата-ана қарауынсыз қалуы және жақын маңдағы ересектердің немқұрайлылығы себебінен болады.