Қостанайдың орталығында болған жол апатынан бес адам зардап шекті

Автор: Алмас Ерсін

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына бұрылу кезінде қарсы көлікке жол бермеу себеп болған

Фото: istockphoto.com

Қостанай қаласының орталығында екі көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Алтынсарин мен Жеңіс көшелерінің қиылысында болған. Kia Motors пен Ravon Nexia көліктері соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, Kia көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермеген.

Зардап шеккендер медициналық көмекке жүгінген, оларға дене соққысы диагнозы қойылған. Жол апаты фактісі бойынша тексеру басталды.