Қуанышбек Серікжанов 4 мамыр күні жұмыстан кету туралы арыз жазып, 6 мамырда жан тапсырған
Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінен 1983 жылғы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Диапазон» басылымының мәліметіне сүйінсек, көз жұмған ер адам Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылдық окурігінің әкімі болған. Алдын ала болжам бойынша, ол суицид жасаған.
«Қуанышбек Серікжанов 4 мамыр күні өз еркімен жұмыстен кету туралы арыз жазған. 5 мамыр күні қызметінен босаған. Ал, бүгін, 6 мамыр күні Ақтөбедегі пәтерінен оның мәйіті табылды», - деп хабарлайды басылым.
Марқұмның артында төрт баласы қалған.